Get Ready 1 - General English Course A1 Level (KZ)

Тіл үйрену курсы

Get Ready 1 - General English Course A1 Level (KZ)

Авторы Zerdeli Digital
Категория Тіл үйрену курсы
Бағалар

0 баға

Курс артықшылығы

  • Сабақтар саны 0
  • 14 сағ. 19 мин
  • Оқушылар саны 284
  • Өмірлік пайдалану

Бұл курс  “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің GET READY1 кітабының бағдарламасына сәйкес ағылшын тілінің elementary деңгейінде білім алушыларға арналып жазылған. 
Курстың міндеті – оқушыларды дарынды балаларға арналған мектептерге (НЗМ, БИЛ, РФММ), әсіресе Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қабылдау емтиханына алдын-ала дайындау, ағылшын тіліндегі мәтіндерді түсіну үшін қажетті сөздік қорын толтыру және баланың сыни ойлау қабілетін одан әрі дамыту. 
Тілді меңгерудің негізі – грамматиканы үйренуден басталады, сондықтан оған алғашқы кезекте мән беру маңызды. Осы себептен бұл курстың әр бөлімі  грамматикалық заңдылықтарды талдаумен қатар практикалық машығын қалыптастырады. 
Практикалық бөлімінде әр тақырыпқа сәйкес ағылшын тілінде қызықты мәтіндер талданады. Әр мәтіннің соңында қажетті жаңа сөздер және сұрақтар қарастырылады. Мұндағы мақсат – оқушының ағылшын тіліндегі мәтіндерді жеңіл оқып, мазмұнын түсіне отырып, мәтінге берілген сұрақтармен жұмыс жасай алу қабілетін дамыту. 
Әр үш бөлімнің соңында қарастырылған грамматикалық заңдылықтарға және жаңа сөздерге байланысты 45 тест сұрақтары берілген. Бұл сұрақтар оқушылардың алған білімін бекіту және қай деңгейде меңгергенін тексеру мақсатында құрастырылған. 
Курс білім алушы оқушының және кез келген тіл үйренуге ынталы талапкерлердің  қалаған уақытында жеке қолдануы үшін дайындалған.